Елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды
Елордада 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 17 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды, оның ішінде 164 бұзушылықты қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. Қарсы жолаққа шыққаны үшін 104 жүргізуші және бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 430 жүргізуші ұсталды.
Мәселен, 18 тамызда түскі уақытта Мүсірепов көшесінің бойында қарсы қозғалысқа арналған жол жиегіне шығып кетіп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.
Жүргізушіге қатысты, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігінің жағына шыққаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Елорда жолдарында полиция қызметкерлері 114 мас жүргізушіні, көлікті басқару құқығы жоқ 316 жүргізушіні және жүргізуші куәлігінен айырылған 20 азаматты ұстады. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа 463 автокөлік орналастырылды.
Сонымен қатар, 3404 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]