Елордада «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Елорда жолдарында Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жолдардағы апаттылық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.
Аталған іс-шара барысында бір тәулікте 500-ге жуық ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 150-ін жаяу жүргіншілер жасаған. Қауіпсіздік белдігін пайдалануды сақтамаған 16 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 8 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткен 6 жүргізуші, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзған 39, жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеген 11 жүргізуші және қарсы жолаққа шыққан 1 жүргізуші анықталды.
Астана қаласының Полиция департаменті жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерлерде – жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтуге болатынын тағы да еске салады. Жолдан өтпес бұрын, айналаңызға қарап, барлық көлік жүргізушілерінің тоқтағанына көз жеткізу керек.
Сіз өте асығыс болсаңыз да, тиісті емес жерден жолды кесіп өтуге болмайды, әсіресе қолайсыз ауа-райында жаяу жүргіншілер өте мұқият болуы керек! Полиция тәуліктің қараңғы уақыты, қар жауу, тұман жолдарда көріну деңгейін азайтатынын ескертеді.
Астана қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
16 пікір