«Таза Қазақстан» акциясы аясында полицейлер 29 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экологиялық акциясы аясында Астана қалалық Полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзу және қоғамдық орындарды ластау фактілерінің алдын алу шараларын жүргізуде.
Акция басталғаннан бері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыруды бұзғаны үшін 29 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты әкімшілік жаза салынды. Сонымен қатар рұқсатсыз қоқыс шығарғаны және ағынды суларды төккені үшін 400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, қаладағы құрылыс компанияларының бірі тұрғын үйдің жанында құрылыс қоқысын жинаған. Нәтижесінде құрылыс компаниясына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылды.
Астана қалалық полиция департаменті барша қала тұрғындарын немқұрайлы қарамауға, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады. Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс және басқа да қалдықтарды сақтауды көрген болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлаңыз. Мүмкіндігінше құқық бұзушылықты, автокөліктердің нөмірін істі қарау кезінде дәлел ретінде пайдалану үшін смартфонға немесе басқа құрылғыға жазып алуларыңызды сұраймыз.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]