«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана полициясы тәртіп бұзушыларды анықтауды жалғастыруда
«Таза Қазақстан. Астана тазалық пен тәртіп үлгісі» акциясы шеңберінде Астана қаласы Полиция департаментімен қоршаған ортаны жақсарту ережелерін бұзу, қоғамдық орындарды ластауды ескерту бойынша іс-шаралар қабылдануда
Акция басталғалы полицейлер 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 9208, қоғамдық орындарды ластау – 5401. Биылғы жылдың басынан бері рұқсатсыз қоқыс шығарғаны үшін 186 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.Астана қаласы Полиция департаменті барша қала тұрғындарын немқұрайлы қарамай, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады. Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс немесе басқа да қалдықтарды сақтауды куәгері болсаңыз, дереу 102 арнаға хабарлаңыз.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]