Таза Қазақстан» акциясы аясында 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған
"Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы аясында Астана қаласының полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде.
Атап айтқанда акция басталғалы полицейлер 17 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 7007, қоғамдық орындарды ластау – 3695, жолдың жүру бөлігін ластау – 533, сусымалы жүктерді қалқасыз тасымалдау, оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 5780 болған.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.
Рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына бейім орындарда күнделікті рейдтер жүргізілуде, белгісіз орындарға қоқыс түсіретін және ағынды суларды ағызатын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері қоқыс түсірген 144 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Астана қалалық полиция департаменті барша қала тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады. Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс немесе басқа да қалдықтарды сақтауды көрген болсаңыз, дереу 102 арнаға хабарлаңыз.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]