Астаналық полицейлер қазақ күресінің тағы бір мәрте жеңімпазы атанды
Қаңтар айының 16-17 күндері қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында Астана қаласында іріктеу чемпионаты өтті. Чемпионатқа әйелдер арасында сегіз салмақ дәрежесі, ал ерлер арасында тоғыз салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Жарысқа Астана қаласының әр ауданынан және жеке клубтардан үздік деген 130 палуан қатысты. Соның ішінде, Астана қ. ПД қызметкерлері де қатысқан болатын.
Басты мақсат - Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөлініп, елімізде сауатты қоғам құру, халықтың денсаулығын нығайту.
Дәл осындай жетістікке өз үлестерін қосып жүрген полицейлер Шынкеев Жалғас 100 кг салмақ дәрежесінде қатысып жүлделі 1 орынға ие болса, Чуюнбаев Байдаурен 66 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2 орынды қанжығасына байлады.
Бұған дейін да тәртіп сақшылары түрлі республикалық және халықаралық чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз атанып жүргенін тағы бір еске саламыз.
12 ақпан күні өтетін ҚР қазақ күресі чемпионатына жолдама алды.
Астана қаласы ПД-ның абыройын асқақтатып жүрген спортшыларымызға алдағы жарыста сәттілік тілейміз. Бағындырар белестеріңіз көп болсын!
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]