Ардагер балуандар жеңіс тұғырына көтерілді
Ағымдағы жылдың 17- 20 мамыры аралығында Түркістан қаласында самбодан спорт шеберлері арасында кезекті Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен лайықты дәрежедегі балуандар қатысқан республикалық жарыста Тараз қаласының құрама командасы да күш сынасты.
Тараз құрамасының құрамына Жамбыл облысы Полиция департаментінің ардагерлері кірді, олар жоғары тәсілдік спорттық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Марат Қойшыбек 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орынды иеленді. Нұржан Рысбаев 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орынға табан тіреп, Ғани Тастеміров те 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынға ие болды.
Ардагерлердің жарқын жеңістері Жамбыл облысы Полиция департаментінің жас қызметкерлері үшін үлгі болып табылады, өйткені бұл олардың қызметі үшін өте маңызды.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]