Елордада «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды
Криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 20 қаңтары мен 29 қаңтары аралығында Астана қаласының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендету және қоғамда қауіпсіз әрі тұрақты жағдай қалыптастыру.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері ІІО тізімдік есебінде тұрған адамдарды, әкімшілік учаскелердегі пәтерлер мен аулаларды тексереді.
Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім азаматтарды бақылауға алуды, проблемалы отбасыларды анықтауды және оларға профилактикалық жұмыстар жүргізуді, құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды, дағдарыс орталықтары және қоғамдық ұйымдармен бірлесе әрекет етуді жүзеге асырады.
Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, жедел түрде 102 нөміріне хабарласыңыз немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгініңіз.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]