«Тұрмыс» жедел алдын-алу іс-шарасы
Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн!» акциясы аясында Астана қ. ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 11 желтоқсан аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты-отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын-алу, сондай-ақ, олардың тарапынан тұрмыс саласындағы қылмыстарға жол бермеу болып табылады.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында халық арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша кең ауқымды іс-шаралар өткізуде.
Сонымен қатар, Астана қ. ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен Астана қ. Әкімдігінің №9 емханасының ұжымы мен «Тұран Профи» колледжінің оқытушылары мен студенттеріне арнап «отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарды алдын-алу» тақырыбында іс-шаралар жүргізілді.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]