«ТҰРМЫС» жедел алдын-алу іс-шарасы
Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында мас күйінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға жол бермеу және криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 2020 жылдың 20 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында елорда аумағында "Тұрмыс" алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім барлық адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын полиция қызметкерлеріне көмек көрсетіп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілік танытуды сұрайды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
24 пікір