«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 900-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
2024 жылғы 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында елорда аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Үш күн ішінде учаскелік инспекторлар 2 мыңнан астам жалға берілетін пәтер мен 300-ге жуық саяжай үйін тексерді. Тұрақты мекенжайы жоқ 50 адам ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 33 кәмелетке толмаған бала жауапкершілікке тартылды. Балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамаған 15 ата-ана жауапқа тартылды.
Іс-шара барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 1 мыңнан астам адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді.
Барлығы 890 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 43 жағдай отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарға қатысты.
Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 358 адам жауапкершілікке тартылды.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]