«Учаске» жедел алдын - алу іс-шарасы
Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Учаске» жедел алдын –алу іс-шарасы өткізілуде.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Госман Жакиннің айтуынша «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 130 мыңнан астам пәтерлер мен 24000-ға жуық жеке үйлерді аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 7500-ден астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 12000- ға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді.
Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 2500-ге жуық пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді.
Жалпы «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 21 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК ҚР ӘҚБтК 434 б. «Ұсақ бұзақылық» 1500-ден астам, сонымен қатар, 6800-ге жуығы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша және т.б.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 500-ден астам шетел азаматы анықталды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]