«Учаске» жедел алдын - алу іс-шарасы
Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 01 сәуірі мен 30 маусымы аралығында «Учаске» жедел алдын –алу іс-шарасы өткізілуде.
«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 180 мыңға жуық пәтерлер мен 23 мыңнан астам жеке үйлерді аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 1700-ге жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 2700- ге жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді.
Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 600-ден астам пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді.
Жалпы «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы 6000-ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 300-ге жуығы ҚР ӘҚБтК-нің 434 б. «Ұсақ бұзақылық» бойынша, сонымен қатар, 2000-нан астамы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша және т.б.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 1800-ден астам шетел азаматы анықталды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД
[xfvalue_img]