Қазақстанда жануарлардан адамға жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша алғашқы ақпараттық науқан басталды
Астана, 17 қыркүйек 2024 ж. - Бүгін Қазақстанда зооноздық инфекциялар – яғни, жануарлардан адамға таралатын аурулар туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған «Sau Bol» ақпараттық-ағартушылық науқаны басталды. COVID-19 пандемиясынан бері мұндай қауіптердің салдарымен емес, себептерімен күресу ең тиімді жол екені белгілі болды. Енді қазақстандықтар өздерін және жақындарын жаңа індеттерден қорғауды үйрене алады.
«Sau Bol» деген не?
«Sau Bol» ақпараттық-ағартушылық науқанын АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен (ҚДҰО) бірлесе отырып Қазақстандағы ЮНИСЕФ қоры әзірледі. Оның басты бағыты еліміздің әрбір тұрғынына зооноздық инфекциялар және олардың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпаратты жеткізу.
«Sau Bol» науқаны сонымен қатар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын қолдайды, олар: ТДМ 3 (денсаулық пен әл-ауқат), ТДМ 13 (климаттың өзгеруі) және ТДМ 15 (жердегі экожүйелер), адам мен табиғатты қорғаудағы «Бірегей саулық» тәсілінің маңыздылығын көрсетеді.
Бұл несімен маңызды?
«Қала және ауыл тұрғындары зооноздық аурулардан хабардар болуы керек, өйткені бұл инфекциялар жануарлардан адамдарға көптеген жолдармен – тікелей жанасу, шағу, қауып алу, бүлінген тамақ немесе су және жәндіктер арқылы жұғуы мүмкін», - дейді Орталық Азиядағы USAID миссиясының директоры Луис Ривера. «Адам қай жерде тұрса да қатер аяқ астында. COVID-19 пандемиясы бізге бір індеттің бүкіл әлемге қалай әсер ететінін көрсетті. Сондықтан қауіпсіздік пен денсаулық үшін осы аурулардың алдын алу жолдарын білу маңызды».
Әлемде барлығы 200-ден астам зооноздық ауру түрлері белгілі. Қазақстанда оба, туляремия, сібір жарасы, бруцеллез, конго-қырым геморрагиялық безгегі, бүйрек синдромы бар геморрагиялық безгек, тырысқақ, құтыру және т.б. зооноздық инфекциялардың табиғи ошақтары бар. Бұл дерт еліміздің әр өңірінде таралып, ауыл тұрғындарына да, қала тұрғындарына да қауіп төндіруде. «Sau Bol» науқаны әр аймақ үшін қандай қауіп-қатер маңызды екенін және инфекция қаупін азайту үшін қандай алдын алу шараларын қолдану керектігін түсінуге көмектеседі.
«Sau Bol» науқаны негізгі үш бағытты қамтиды::
- Зооноздық жұқпалы аурулар.
- Қоршаған орта мен климаттың инфекция қаупіне әсері.
- Антибиотиктерге төзімділік және антибиотиктерді қолдануды бақылау.
Бірегей саулық: қоғамды қорғауға жаңаша көзқарас
«Sau Bol» науқаны адамдардың, жануарлардың және экожүйелердің саулығын біріктіретін «Бірегей саулық» тәсілінің маңыздылығын көрсетеді. Урбанизация, климаттың өзгеруі және тұмса табиғатқа қол сұғу сияқты жағымсыз факторлар қауіпті инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін. Бірақ біз бұл жағдайды бірге өзгерте аламыз.
«Зоонозды инфекциялар қазіргі әлемде тұрақты қауіп болып табылады», - деп толықтырды ЮНИСЕФ өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар. — Әсіресе, ауылдық жердегі балалар үшін өте қауіпті. Денсаулықты күту – бұл бірінші кезекте індетпен күресу емес, алдын алу, қауіпсіз орта құру және ауруларды болдырмау шарасы. Біздің ақпараттық науқанымыздың арқасында қазақстандық ата-аналар балалардың денсаулығын сақтау мәселелерінен кеңірек хабардар болады деп сенеміз».
Антибиотиктерге төзімділік: болашаққа қатер
«Sau Bol» науқаны назар аудартатын тағы бір қауіп – антибиотиктерге төзімділік. «Антибиотиктерді жөнсіз қолдану емделмейтін «супербактериялардың» пайда болуына әкеп соқтырады», - дейді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулықты қорғау ұлттық орталығының басқарма төрайымы Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова. «Ұрпақ болашағын сақтау үшін антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдап, оларды орнымен пайдалану шараларын күшейту қажет. Антибиотиктердің тиімділігі зоонозды бактериялық инфекцияларды емдеу қабілетіне тікелей әсер етеді.
«Sau Bol» науқаны — барша қазақстандықтардың денсаулығын сақтау жолындағы қадам.
«Sau Bol» ақпараттық науқанын ЮНИСЕФ Казахстан және Peremena.media ресурстарынан қарай жүріңіз.
«Sau Bol» инфографикасы мен әлеуметтік плакаттарын жүктеп алу
Редакторларға ескертпе
ЮНИСЕФ әрбір баланың құқықтары мен игілігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Әріптестерімізбен бірге біз барлық балалардың игілігі үшін әлемнің 190 елінде осы міндеттемені практикалық іс-әрекетке айналдыру мақсатында аз қорғалған балаларға ерекше көңіл бөле отырып жұмыс істейміз.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі туралы толығырақ мәліметті unicef.org/kazakhstan/ сайтынан немесе Instagram, Facebook және Twitter парақшаларына жазылу арқылы біле аласыздар.
Қосымша ақпарат:
ЮНИСЕФ қызметі жайлы толығырақ: https://www.unicef.org/kazakhstan/en
Біздің Instagram , Facebook және Твиттер парақшаларымызға жазылыңыздар.
[xfvalue_img]