АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ
Көкшетау қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл этикасының негіздері» тақырыбына семинар-кеңес өтті.
Семинардың модераторы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали болды, ол 2003 жылдың 9 желтоқсанында қол қойылған және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте халықаралық ынтымақтастықтың тетіктерін анықтайтын БҰҰ Конвенциясының маңызды халықаралық-құқықтық құжаты туралы айтты. Қазақстан Республикасы 2008 жылғы мамырдан бастап осы Конвенцияның толыққанды мүшесі болып табылатыны белгілі.
Іс-шараның маңызды оқиғасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті аймақтық Ақпараттық-ағартушылық штабының ұсынысы болды.
«Алдын алу шараларын одан әрі жетілдіру, үйлестіру және ұйымдастыру мақсатында бүгінгі таңда осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған жаңа қоғамдық тетікті құру қажеттілігі пайда болды. Белсенді азаматтық ұстанымды жүргізгендерге шын жүректен алғыс айтамын. Ақпараттық-ағартушылық штаб біздің бірлескен қызметімізге жаңа серпін беріп, барлық азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы өзара іс - қимылын күшейтеді», - деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев.
Одан әрі аймақтық Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі, қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұл сөз сөйлеп, барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамауға, парасаттылыққа, адалдыққа, әділдік пен патриотизмге тәрбиелеуге шақырды.
Ақмола облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанадилова мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың этикалық нормалары мен талаптарын сақтау бойынша баяндама жасады.
Шара қонағы - белгілі жазушы Жан Ақжанов болды, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы өз пікірлері мен білімдерімен бөлісті.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы мен жүзеге асырылатын іс-шаралары туралы бейнематериалдар көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың алғыстары қоғам өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін берілді.
[xfvalue_img]
34 пікір