Мамандар кеңесі: Жаңа Жылды ауырмай қарсы алайық!

Мамандар кеңесі: Жаңа Жылды ауырмай қарсы алайық!

Баршамыз Жаңа жыл мерекесін асыға күтудеміз. Желтоқсан мен қаңтар айлары түрлі инфекциялар үшін ең "жемісті" мезгіл екені белгілі.  Осы қызықты күндерді жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің маманы Нұрбала Бахтиярқызы вирустардан қорғану жолдары туралы кеңес береді.

 

«Жедел респираторлық аурулар (ЖРА) — қоздырғыштары тыныс алу жолдары арқылы адам ағзасына өтетін және респираторлық трактінің шырышты қабығының жасушаларында көбею арқылы, аурудың негізгі симптомокомплексін тудыра отырып, оларды зақымдайды (респираторлық тракттің зақымдану синдромы және жалпы жұқпалы улан у). Берілістің негізгі механизмі-ауа-тамшы (аэрозольды, аз дәрежеде ауа-шаңды), сонымен қатар контактілі-тұрмыстық механизм (контактілі —сүйісу кезінде, тұрмыстық — ластанған қол, заттар, су арқылы) рөл атқара алады", - дейді маман.

 

Нұрбала Бақтиярқызының айтуынша, Қазақстанда 2019 жылдың 11 айында Жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 483270 жағдайы тіркелген, бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда. 2644,22 өткен эпид маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,64% - ға төмен (2018 ж. ауру.көрс. 100 мың халыққа шаққанда-2992,56).

Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің маманы атап өткендей, (ЖРВИ) аурудың кез келген кезеңінде асқынуы мүмкін. Асқынулар вирустық сипатта болуы мүмкін, сондай-ақ бактериялық инфекцияның қосылуы нәтижесінде пайда болады.ЖРВИ пневмония, бронхит, бронхиолит аураларына  асқынады. Жалпы асқынуларға гайморит, синусит, фронтит жатады. Жиі есту аппаратының қабынуы (орташа отит), ми қабығы (менингит, менингоэнцефалит), әртүрлі невриттер (жиі – бет нервінің невриті) пайда болады.

Дәрілік заттар, негізінен, белгілі бір симптоматиканың басымдығына байланысты тағайындалады: ыстықты түсіретін, қақырық түсіретін дәрілер, ағзаны десенсибилизациялауға арналған антигистаминді препараттар. Қазіргі уақытта құрамына барлық осы топтардың белсенді заттары, сондай-ақ ағзаның табиғи қорғанысын арттыруға ықпал ететін С витамині кіретін кешенді препараттар бар.

Нұрбала Бақтиярқызы аурудың алдын алу мақсатында осы ережелерді ұстануға кеңес береді:

*ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынас жасамауға тырысу, қоғамдық жерлерде маска пайдалану;

*қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы ерітінділермен жуу;

*бір рет қолданылатын майлықтарды пайдалана отырып, жөтелу және түшкіру кезінде мұрын мен аузды жабу;

*көз, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау;

*адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;

*бөлменің ауасын тазартып отыру;

*салауатты өмір салтын ұстану: толыққанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дұрыс тамақтану.

 

Инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің маманы аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дені сау адамдармен қарым-қатынасты шектеуді, жеке күнделікті гигиена шараларын ұстанып, учаскелік дәрігердің көмегіне жүгінуге кеңес береді.

 

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.