Елорда полицейлері қызықты ұрлықтың бетін ашты
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, «Алматы ауданы» ПБ АПБ полиция қызметкерлері 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол, бұрынғы қызының сенімділігін пайдаланып, үйіне қонған кезде, бағасы 200 мың тұратын «Pandora» білезігін ұрлаған.
Жәбірленуші білезігінің жоғалғанын, тек бір аптадан кейін жігітінің қазіргі қызының стористегі фотосынан таныс бұйым көрген кезде ғана байқаған.
Ол, өзінің білезігі екеніне көзін жеткізген соң, дереу полицияға арызданаған.
Қазкүнем жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті тәркілеп, иесіне қайтарды.
Астана қ. Полиция департаменті азаматтарды құнды заттарының сақталуына мұқият болу қажеттігін еске салады. Қымбат заттарыңызды бөгде адамдарға қол жетімді жерге қалдырмаңыздар.
Астана қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]