Сериялық интернет-алаяқ концертке жалған билеттер сатумен айналысқан
Бүгінгі таңда елорда мен Алматы қаласынан 40-қа жуық алданған азамат полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Әйел OLX хабарландыру қызметін пайдаланып, әйгілі ресейлік әншілердің концерттеріне билеттер сатқан. Келтірілген шығын сомасы 10-70 мың теңге аралығында болған.
Шарт бойынша сатып алушы төлемді мобильді қосымша арқылы жіберуі керек болған. Ал билет сатушысы оларға жалған өткізу QR кодтарын жіберген. Алаяққа алданған азаматтар соңында концертке кіре алмаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бейтаныс адамдарға ақша бермеуге, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге кеңес береді.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]