Жас жігіт ағасының отбасымен бірге тұрып жатып, жеңгесінің алтын жүзігін ұрлаған.
Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотты болған 25 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын ұстаған.
Тергеп-тексеру барысында күдікті өзінің ағасының отбасымен бірге жатақхананың бөлмесінде тұрып жатқаны, олардың үйде жоқ екенін пайдаланып, жеңгесінің 27 мың теңге тұратын алтын жүзігін ұрлағаны және белгісіз біреуге сатып жібергені анықталды. .
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-текеру жүргізілуде. Ер адам кінәсін мойындады. Оның бұрын елорда аумағында жасалған қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды құнды заттарды қараусыз қалдырмауды, мұқият болуды ескертеді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]