Арнайы жасақтың батыр капитаны

Арнайы жасақтың батыр капитаны

Елордамыздың полициясы қауіпсіздікпен тәртіпті қамтамасыз ету үшін аямай қызмет етіп жатқан тәртіп сақшыларымен танымал. Осындай қызметкерлердің бірі – полиция капитаны Ізбасар Мусабеков.

Ізбасар Мусабеков 1991 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы Жанбобек ауылында дүниеге келген. Бала кезінен алғыр, оқуда да, спортта да жоғары көрсеткіштерге ие болған. 10 жасында спортқа қызығушылық таныта бастаған ол, спорттық жарыстарға үнемі қатысып жүруді әдетке айналдырған.

Мектепті тәмамдаған соң, полиция капитаны Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің дене тәрбиесі және спорт мамандығына оқуға түседі. Спортқа деген қызығушылығымен қатар полиция қызметкері болуды армандаған Ізбасар колледжден кейін құқықтану мамандығын меңгеріп шыққан.

Ол өзінің қызметтік жолын 2014 ІІМ Мамандандырылған күзет қызмет басқармасында бастап, бүгінде Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі болып қызмет атқаруда. Өзінің кәсібилігі мен ерлігі арқасында ол қызмет барысында көптеген алғыс хаттар мен марапаттарға ие болған.

Ізбасар өзінің спорттық жетістіктерімен танымал. Атап айтқанда президенттік көпсайыстан 3 дүркін ҚР жеңімпазы, жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткер, футбол және волейбол түрлерінен ҚР ІІМ чемпионы.

Оның спорттағы жетістіктері физикалық дайындығы мен күш-жігерінің жемісін көрсетеді.

Бүгінде 33 жастағы азамат президенттік көпсайыстан, жеңіл атлетикадан Астана қаласының құрамасында болса, футбол мен волейбол  ойындарынан ІІМ ПД құрамасында өз өнерін көрсетіп жүргені бәрімізге мақтаныш.

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив