Қарапайым қыздың асқақ арманы жүзеге асты

Қарапайым қыздың асқақ арманы жүзеге асты

Айнұр Байгеленова – ерлік пен табандылықтың айқын үлгісі. Ол полиция қызметкері болумен қатар, кикбоксингтен спорттық жарыстарға қатысып бірнеше рет жүлдегер атанған.

Бала кезінен тергеуші болуды армандаған Айнұр ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келді. Бала кезінен оқуда да, спортта да алғыр болған ол, мектеп бітірген соң, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне заңгерлік білім алу мақсатында оқуға түскен. Өмір жолын университет қабырғасында  жалғастырған қызымыз тек оқуда ғана емес, спортта да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, оқу барысында кикбоксинг түрін таңдаған. Жаны сүйген бұл спорт түрін таңдаған сәттен өзін осы бағытқа да шыңдай бастаған. Ерінбей жасаған еңбектің нәтижесінде аймақтық, қалалық және халықаралық жарыстарда қатысып, жеңіс жүлделеріне  ие болды.

Оқуды үздік тәмамдаған соң, Айнұр Байгеленова ШҚО Глубокий ауданының ПД басқармасында тергеуші болып жұмысқа орналасқан. Ал 2011 жылы Астана қаласының ПД «Есіл» ауданына ауысып, тергеуші қызметін жалғастырған. Қызмет барысында оның спорттық дайындығы физикалық және психологиялық тұрғыдан аса маңызға ие болған.  

Білім жолын тоқтатпай 2014-2016 жылдары М.Есболатов атындағы Алматы қаласының ҚР ІІМ Академиясында магистратурада, 2020-2023 жылдар аралығында ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторантурасында білімін шыңдаған.

Ол қызметінің 19 жылын тергеуге арнап, бүгінде полиция майоры атағында «Нұра» ауданы көші қон қызметі бөлімінің инспекторы болып қызмет етуде.  

Кикбоксинг рингінде Айнұр үлкен жетістіктерге жетті. Ол спорттың денсаулыққа және психологиялық тұрақтылыққа тигізетін пайдасын әрдайым атап өтеді. Оның спорттағы жетістіктері мен полициядағы қызметі өзара ұштасып, әрдайым жеңіске жетелейтінін айтады. 

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив