Сериялық алаяқ жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, астаналықтарды алдады
Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алуға көмек ұсынып, хабарландырулар орналастырған. Ол өзін Арнайы ХҚКО қызметкері ретінде таныстырған. Бүгінгі күні полицияға алданған 8 азамат жүгінді, зардап шеккендерден өтініштер келіп түсуде.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Байқоңыр" ауданының полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар 22 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Кәсіпкер ауыл тұрғыны өзінің "қызметтерін" 80-нен 160 мың теңгеге дейін бағалаған.
Мәселен, өткен жылдың маусым айында интернет-алаяққа 120 мың теңге аударған елорда тұрғыны полицияға жүгінді. Әйел ақшаны да, құжаттарды да алмағаннан кейін полицияға жүгінген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жүргізуші куәліктерін дайындау тәртібі мен ережелері www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Жүргізуші куәлігін жасау туралы жеке тұлғалардың ұсыныстары, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Жалған құжаттарды сатып алғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Астана қаласының Полициясы күмәнді мәмілелер жасамауға, оның ішінде интернет желісінде онлайн жасамауға кеңес береді. Ресми интернет-ресурстарға жүгініп, тауарлар мен қызметтердің сенімділігіне көз жеткізу қажет.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]