СҚО полиция департаментінің бастығы қала маңындағы аудандардың жеке құрамымен тәртіп пен заңдылықты сақтау туралы айтты
Мамлют және Қызылжар аудандарының полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесуді облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов өткізді. Офицерлер мен сержанттардың назарына ел өңірлерінің жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықтың сақталу жай-күйі бойынша шолу жасалды, сондай-ақ Айдын Қабдұлдинов Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылған талаптарды еске салды.
Мамлют және Бескөл — облыстың ең ірі қаласы-Петропавлға жақын орналасқан қала маңындағы аудандардың әкімшілік орталықтары. Облыс орталығына жақындығы, көліктердің көптеп жүретін республикалық автожолдардың болуы, бай орман алқаптары-мұның бәрі жергілікті құқық қорғау органдарына қосымша жүктеме түсіреді.
Полиция департаментінің бастығы сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділіктің маңыздылығын, заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау, сондай-ақ азаматтардың барлық өтініштеріне ден қою қажеттігін атап өтті.
СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин аудандық полиция қызметкерлеріне еліміздің құқықтық тәртіп сақшылары қатарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйіне шолу жасады.
Осыған ұқсас кездесулер бұған дейін қалалық облыстық және қалалық полиция ведомстволарының жеке құрамымен өткізілген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан полициясы қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы іс-қимыл немесе қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау фактілері бойынша СҚО ПД өзіндік қауіпсіздігі басқармасының 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 сенім телефондарына тікелей қоңырау шалуға немесе 102 арнасына оқиғаның мән-жайы мен нақты орнын көрсете отырып, хабарласуға болады.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір