СҚО-да полиция департаментінің бастығы барлық аудандық бөліністердің жеке құрамымен көшпелі кездесулер өткізді
(видео: https://youtu.be/tf9LkiBTv4k)
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов барлық он үш ауданның полиция бөлімдерінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді. Облыстық полиция басшысы заманауи полицейлерге заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша ішкі істер министрлігімен қойылатын барлық негізгі талаптарды айтып жеткізді. Кездесулердің негізгі мақсаты – тәртіпті, әдеп кодексін қатаң сақтау, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік. Кездесулер барысында аудандық полицейлерге құқық бұзушылыққа, басқа заң бұзушылықтарға жол берген бұрынғы полицейлерді ұстау сәттерінен бейнежазбалар көрсетілді; бұдан бөлек, өзіндік қауіпсіздік қызметімен жүргізілетін жұмыстар кешенінің негізгі мақсаттары мен міндеттері айтылды.
Айдын Кабдұлдинов ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановпен министрліктің алқа отырысында заңдылық пен тәртіпті сақтау, полиция қатарында сыбайлас жемқорлық фактілерімен қатаң күрес, кадр саясатын жетілдіру сұрақтары қатаң бақылауға алынғанын және басшылардың қарамағындағы қызметкерлері бұзушылықтар жасағаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Заманауи қазақстандық полицейлер үшін мемлекет және ІІМ басшылығы кезең-кезеңмен барлық жағдайды жасауда. Осыған байланысты, қоғам мен мемлекет алдында мінсіз қызмет атқаруы үшін полиция офицерлері мен сержанттары заманауи құқықтық тәртіп сақшысының стандарттарына барынша сай болуы тиіс. Облыстық полиция департаментінің бастығы өзіндік қауіпсіздік басқармасына, жеке құрам бойынша инспекцияға және бірқатар жедел бөліністерге облыс полицейлерінің тарапынан болатын құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Полиция департаментінде ескерткендей, солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері тарапынан болатын құқыққа қайшы әрекеттер мен қызметті тиісті түрде орындамау фактілері бойынша СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 (WhatsApp) тікелей сенім телефондарына және 102 арнасына нақты оқиғаның орын алған орны, күні мен мән-жайын көрсете отырып жүгінуге болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]