СҚО полиция департаментінің бастығы жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік туралы ескертті
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов облыстық полиция ведомствосы аппаратының басшылығымен және жеке құрамымен кеңес өткізді. Күн тәртібінде: сыбайлас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік, заңдылықты сақтау және тәртіпті нығайту мәселелері.
Жедел уәкілдер, тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, әкімшілік полиция басқармаларының, сондай-ақ штаб қызметкерлері және басқа да көптеген қызметтер — облыстық полиция аппаратында өңірдегі ең тәжірибелі полиция қызметкерлері қызмет етеді. Олардың тәжірибесі мен білімі күн сайын құқықтық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыруда, айқын емес және түсініксіз қылмыстарды ашуда және тергеуде қолданылады.
Айдын Қабдұлдинов погондардағы адамдардың басты міндеті - халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызмет ету екендігін атап өтті. Қазіргі заманғы полицейлер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген, сондықтан оларға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар қызметте де, күнделікті өмірде де тәртіпті, этиканы қатаң сақтауға қатысты талаптар жоғарылайды.
СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин еліміздің құқықтық тәртіп сақшылары қатарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйіне шолу жасады. Соңында Айдын Қабдұлдинов басқарма және бөлім басшыларының назарын сеніп тапсырылған бөлімшелердің жеке құрамы үшін тікелей жауапты екендігіне аударды.
Осындай тақырыптағы жиынды облыстық полиция бастығы қалалық полиция басқармасының жеке құрамымен өткізді.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]