Петропавлда бір аптада жол жүрісі қағидаларын бұзған 200 астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды
Петропавл қ. полиция басқармасының құрамындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуді жалғастыруда.
Ел аумағында 5 ақпанда басталған іс-шараның басынан қалалық патрульдік полицейлер Жол жүрісі қағидаларының түрлі бұзушылықтарын жасаған 695 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 219-ы – жаяу жүргіншілер.
Жаяу жүргіншілер тарапынан болатын бұзушылықтарды ескертуден бөлек, көлік ішіндегі қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау фактілеріне жол бермеуге де ерекше көңіл бөлінеді. Жедел-профилактикалық іс-шараның алты күні ішінде кәмелет жасына толмаған жолаушыларға арналған арнайы құрылғыларды пайдаланбағаны үшін 10 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанда аяқталады.
Оксана Попова –
Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальоны штабының бастығы
[xfvalue_img]