Жамбылдық  полицейлер кәмелетке толмағандардың 225 ата-анасын  әкімшілік жауапкершілікке тартты

Жамбылдық полицейлер кәмелетке толмағандардың 225 ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері ұдайы  рейдтік іс-шаралар кешенін өткізеді. Аталған міндеттерді іске асыру және іс-қимылдарды үйлестіру үшін  облыс орталығының полиция бөлімдеріндегі  ювеналды полиция инспекторларын, білім басқармасының өкілдерін, еріктілерді және өзге де мүдделі органдарды тарта отырып, жұмыс топтары құрылды. 

Мысалы, облыстың 7 ойын-сауық мекемесінде полиция қызметкерлері 22:00 сағаттан кейін ересектердің еріп жүруінсіз мекемеден тыс болған 15 жасөспірімді анықтады, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кафе иелері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл төледі және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған адамға алкоголь сату деректері анықталды. 6 дүкеннің иесі Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды және аталған құқық бұзушылықтары үшін 40 АЕК (147 680 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 

Облыста небәрі 7 күн ішінде 65 рейд жүргізілді, оның барысында ІІО-ға 190 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 225 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаңғыбастығы үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 10 жасөспірім орналастырылды. 

- Күн сайын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді. Ювеналдық  полицейлердің басты міндеті - балалардағы мүмкін қиындықтардың алдын алу және олардан қорғау. Ата-аналарға балаларының бос уақытын және араласатын ортасын әрдайым назарда ұстап, бақылауын ескертеміз. Ата - аналар тарапынан кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне тәрбиелік ықпалдың және бақылаудың болмауы олардың құқыққа қайшы әрекеттер жасауына себеп болуы әбден мүмкін, - деді полиция майоры Әлішер Қалышев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.