Ақпарат
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын-алу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында балалардың демалысы уақытында ағымдағы жылдың 02 мен 04 қараша аралығында Астана қаласының аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша 80-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғын жайдан тыс және ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін, сондай-ақ 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық жасағаны үшін 70-тен астам ата-ана, заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, ағымдағы жылдың 03 қараша айында Астана қ. ПД ЖПҚ-нің ювеналды полиция қызметкерлерімен 2004 ж.т. 8-ші сынып оқушысының Бараева көшесінің бойында түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүру фактісі анықталды. Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне әкімшілік жаза қолданғаннан кейін аталмыш әкімшілік құқықбұзушылықты бір жылдың ішінде қайта жасағаны үшін ҚРӘҚБтК-нің 442 бабының 3-ші тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 10-ға жуық ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астана қаласы әкімдігінің "кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" КММ-не 20-дан астам кәмелетке толмағандар орналастырылды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі
[xfvalue_img]