Таразда ювеналды полиция қызметкерлері түнгі рейдтер жүргізді
Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері үнемі рейдтік іс-шаралар кешенін өткізеді.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар саябақтар мен алаңдарды, қараусыз қалған үйлерді және жасөспірімдер жиналатын басқа да ықтимал жерлерді тексерді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату деректері де анықталды.
Рейд кезінде полиция қызметкерлері қаладағы екі ойын-сауық мекемесінде сағат 22:00-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз болған 18 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кафе иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру" бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
- Түнгі қаладағы балаларға арналған қатаң ережелер - олардың игілігі үшін. Ата-аналар бізге дауыс көтеріп, айқай-шу шығарып жататын кездер де болады. Бірақ, олар көшедегі кәмелетке толмаған жасөспірімнің кездейсоқ, абайсызда жағымсыз жағдайға немесе нашар ортаға түсіп қалуы мүмкін екенін түсінбейді. Біздің мақсатымыз-балаларды қорғау, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалары бойынша аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.
Облыс бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін барлығы 55 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
[xfvalue_img]