Жамбылдық полицейлер 70 мың оқушыға профилактикалық дәріс өткіздi
Ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері полиция қызметкерлерімен облыс аумағындағы бiлiм беру мекемелерінде психологтармен бірлесіп, “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу” тақырыбында профилактикалық дәрістер өткізiлдi.
Облыстық полиция бөлімдерiнiң қызметкерлері оқушыларға құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы айтып, жол қозғалысы ережелерінің негізгі ережелерін еске салды. Есірткі құралдарын және адам денсаулығына қауіпті басқа да заттарды тұтынудың зияны туралы жан-жақты ақпараттар бердi. Адамдар көп жиналатын жерлерде жүріс-тұрыс ережелеріне де ерекше назар аударуды түсіндірдi.
Аталмыш шараға Жамбыл облысы көлемінде 500-ге тарта оқу орындары қамтылып, 70 мың оқушы құқықтық кеңестер алды.
- Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелi түрде жүргізілiп тұрады, - деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигi Серiк Әлдибеков.
Айта кетейік, жалпы жыл басынан берi облыста мектеп жанында 1423 рейдтiк шаралар жүргізiлiп, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін полиция бөлімдерiне 7329 кәмелетке толмаған жеткiзiлдi. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған 119 қылмыс және кәмелетке толмағандар жасаған 83 қылмыс тiркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға төмендеген.
[xfvalue_img]