Астанада «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Ағымдағы жылдың 22-24 қыркүйегі аралығында елордада «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара аясында ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруін анықтау мақсатында жергілікті жерлерде рейдтер жүргізуде. Тәртіп сақшылары қоғамға жат әрекеттерді алдын алу үшін аулаларды, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын басқа да орындарды тексереді. Бұл ретте жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларымен әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгімелесулер жүргізілуде. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде жүргені үшін ата-аналар мен мекеме иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]