Елорда кәсіпкері сатып алу саласында негізсіз кедергіге тап болды
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке "Бизнес жол" жобасы аясында кәсіпкер Активтер мен мемлекеттік сатып алу басқармасы жүк көлігін сатып алу бойынша жарияланған конкурсқа шағыммен жүгінді.
Осылайша, әкімдік "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 4-бабының 5-тармағын бұзуға жол берген.
Бұл тауарды мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алу жергілікті тауар өндірушілер арасында жүзеге асырылуы тиіс, өйткені сатып алынатын тауар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 49 "Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының тізбесіне кіреді.
Алайда, конкурс барлық әлеуетті жеткізушілер үшін жарияланды. Барлық тауар өндірушілер арасында ашық конкурс жариялау ҚР заңнамасында көзделген отандық өндірушілердің құқықтарын бұзады.
Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мүдделі тараптармен кездесу өткізді. Нәтижесінде аталған конкурс бойынша Мемлекеттік сатып алулар жойылды.
[xfvalue_img]