ШҚО-да мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде кәсіпкердің құқықтарына нұқсан келтірілген
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкер жүгініп, Алтай ауданының Октябрь ауылдық округі әкімдігі тарапынан автокөлік құралдарын жөндеу бойынша шарт жасасудан негізсіз бас тартқаны және осы елді мекенде тұратын басқа кәсіпкердің мүдделеріне заңсыз қолдау көрсеткендігі туралы шағым түсірді. Антикорға жүгінген кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу байқауындағы өтінімі «бағаның сәйкес келмеуі» себебінен қабылданбаған.
Осылайша, әкімдік ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» бұйрығының 450-тармағының 2-бөлігінің талаптарын сақтамаған.
Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп мүдделі тараптармен кездесу өткізді. Нәтижесінде, әкімдік бірінші байқаудың қорытындысын жойып, байқауды қайта өткізетін болды. Кінәлі маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
[xfvalue_img]
1 пікір