«Қостанайлық кәсіпкерге заңсыз шектеу қойған жауапты тұлға жауапкершілікке тартылды»
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Ақтөбе қаласының кәсіпкері мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу кезінде оның құқықтарын бұзу мәселесі бойынша жүгінді.
Кәсіпкер аудандық әкімдіктің білім бөлімінің Мемлекеттік сатып алуларына қатысқан, онда тапсырыс беруші циркуляциялық сорғыларды сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелікте тауарды пошта немесе такси қызметі арқылы жеткізуді қабылдамау туралы шарт қарастырған.
Кәсіпкердің айтуынша, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу порталында әдейі бұзушылықтарға жол берген, бұл әлеуетті өнім берушілерді тең емес жағдайларға қойып құқықтарын шектейді.
Департамент араласуымен тиісті органға ұсыныстар енгізіліп нәтижесінде конкурс тоқтатылып, жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша депаратменті
[xfvalue_img]