Қазақстандық делегация WIN EURASIA 2023 көрмесіне қатысуда

Қазақстандық делегация WIN EURASIA 2023 көрмесіне қатысуда

Қазақстандық делегация Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан WIN EURASIA халықаралық көрмесінің алаңында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ірі машина жасау түрік компанияларының басшыларымен бірқатар келіссөздер жүргізуде. Көрмені Түркия Республикасының сауда министрлігі, MAIB (Жабдық экспорттаушылар қауымдастығы) және MAKFED (Түркия машина жасау федерациясы) ұйымдастырды.

WIN EURASIA – Түркиядағы ауқымды шаралардың бірі, ол әлеуетті дилерлермен және өнімнің соңғы пайдаланушыларымен кездесуге, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, сондай-ақ жаңа нарықтарға шығу үшін келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Бұл алаңда экспоненттер мен келушілер өңдеу өнеркәсібіндегі заманауи жабдықтармен танысуға және сынауға бірегей мүмкіндік алады.

Көрме жұмысына қазақстандық делегациядан Қазақстан машина жасаушылар Одағының атқарушы дирекциясының директоры Өмірсерік Ержанов және директордың орынбасары Қуаныш Тайшибеков, сондай-ақ "Агротех зауыты" ЖШС, "KSM Resources" ЖШС, "Сантехпром" ЖШС, "Led Solutions" ЖШС, Қарағанды құю-машина жасау зауыты, Karlskrona LC AB, «Steel Manufacturing» ЖШС,  «СарыарқаАвтоПром» ЖШС отандық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы делегациясының осы көрмеге қатысуы дәстүрге айналды. Көрме барысында қатысушылар WIN EURASIA 2023 түрік экспоненттерімен, сондай-ақ металл өңдеу, дәнекерлеу, автоматтандыру, гидравликалық жүйелер, электр, энергетика және электрондық технологиялар, логистика, жеткізу тізбегін басқару және ішкі логистикалық шешімдер сияқты салаларда жұмыс істейтін өндіруші компаниялармен келіссөздер жүргізді.

Көрменің жұмысына қатысу Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестіктің және машина жасау салаларының дамуына серпін беретіні сөзсіз. 

Қазақстан машина жасаушылар одағының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Kandice 31 октября 2026 02:22

    The best wire transfer online casinos combine reliable payment processing with clear
    withdrawal terms and reasonable transaction limits.
    Read the bonus terms first, since some offers
    exclude certain payment methods. Members can attend in-person, online, and telephone meetings to share experiences
    and support one another through recovery. Setting clear
    spending limits and monitoring your transactions can help you
    recognize when gambling is becoming difficult to control. Venmo is less widely
    available at online casinos than traditional bank cards or cryptocurrencies.
    Before e-wallets, cryptocurrencies, and other modern banking options
    became widely available, players had fewer ways
    to fund their casino accounts.

    References: www.wetlandbasedsolutions.org

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.