Ыстанбұлда Қазақстанның Түркияға сауда-экономикалық  миссиясы өтті

Ыстанбұлда Қазақстанның Түркияға сауда-экономикалық миссиясы өтті

 

2019 жылғы 31 шілдеде Ыстанбұл қаласында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Түркияның сауда палаталары мен биржалар одағының қолдауымен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылды.

Сауда миссиясы барысында Қазақстанның экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ елдегі бизнес жүргізу тәртібі, экспорттаушылар мен шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен жалпы сауда жүргізуді ынталандырудың түрлі құралдары туралы баяндамалар жасалды. 

Іс-шара барысында Қазақстанның Түркия дағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық әрі басты сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Екіжақты сауданың 1992 жылғы 30 миллион АҚШ доллары көрсеткішінен бүгінгі таңда 2 миллиард долларға жетіп отырғаны айтылды. 

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына 3,8 миллиард доллар шамасында инвестиция құйғанын және қазіргі таңда ел экономикасының түрлі салаларында түрік капиталының қатысуымен 2200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істеп жатқанын айтты.

Сауда миссиясы шеңберінде Қазақстан және Түрік кәсіпкерлері арасында В2В форматында екіжақты келіссөздер өткізіліп, соның нәтижесінде бірқатар қазақстандық өнімнің түрік нарығына шығарылуы бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, іс-шаралар аясында Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстан-Түркия біріккен палатасының алғашқы отырыстары өткізілді. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше болып табылатын бұл палата мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері арасындағы экономикалық байланысты нығайтуды және екі ел арасындағы тауар айналымының өсуін көздейді.

Қазақстан-Түркия біріккен палатасының алғашқы отырысында Елші бұл палатаның Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 13 қыркүйекте Анкараға жасаған сапары барысында құрылғанын және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты ынталандыру және нығайтуды көздейтінін атап өтті.

Сауда миссиясына қазақстандық және түрік компанияларының 150-ден астам өкілдері қатысты. Соның ішінде 30 қазақстандық өңделген өнім экспорттаушысы болды.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.