Қазақстандық өндірушілер ИННОПРОМ-2022 Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады
2022 жылғы 4-7 шілдеде Екатеринбург қаласында (РФ) ИННОПРОМ «Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге» 12 Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.
Көрменің негізгі бағыттары: цифрлық өндіріс, металл өңдеу, көліктік машина жасау, металлургия, энергетикаға арналған технологиялар, жаңа материалдар, компоненттер өндірісі, тау-кен өнеркәсібі.
Компаниялар тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, цифрлық индустрия, жасыл энергия, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі үшін өнімдер мен шешімдерді ұсынады.
ИННОПРОМ-2022 іскерлік бағдарламасы аясында компаниялар мен өңірлердің конференциялары мен семинарлары жоспарланған.
6-7 шілдеде ИННОПРОМДА құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумы өтеді. Бұл шара аясында құрамдас бөліктерді өндірушілер Ресей Федерациясының ең ірі өнеркәсіптік компанияларына өз өнімдері мен технологияларын ұсына алады.
ИННОПРОМ-қазақстандық компаниялар үшін өзін танытуға, келісімшарттар жасауға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік.
Қазақстан биыл ИННОПРОМ-2022 көрмесінің ресми серіктес елі болып табылады. Осыған байланысты қазақстандықтар құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумына тегін қатыса алады.
Көрменің ресми сайты: expo.innoprom.com
ИННОПРОМ-ға қатысу мәселелері бойынша: shangareeva@formika.ru
ИННОПРОМ-ның іскерлік бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша: chitarra@formika.ru
ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
36 пікір