СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сумен жабдықтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуде
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сумен жабдықтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуде.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады және Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген.
Құрметті азаматтар, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсынымдарды сіздер upd.sko@antikor.gov.kz электрондық поштасына жібере аласыздар немесе 8(7152)36-24-49 нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.
Біздің мекен-жайымыз: Петропавл қ., Интернационал к-сі, 60.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі. Мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.
[xfvalue_img]
1 пікір