Елордалықтарды мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
«Алматы» ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен заңсыз ақша қаражатын иемденді деген күдікпен 53 жастағы әйелді ұстады.
Тергеу барысында анықталғанындай, әйел ортақ таныстары арқылы жәбірленушімен танысқан. Қалалық әкімшілікте басшылық қызмет атқаратын танысы барын айтып, жәбірленушінің сеніміне кірген әйел, мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беруді ұсынған. Кезекті жылжыту арқылы баспана алып беруге уәде беріп, алаяқ жәбірленушіден 500 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алған. Кейін әртүрлі сылтаулар айтып, уәдесін орындамай хабарсыз кеткен. Ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсаған.
Сонымен қатар, алаяқтың дәл осындай айла-тәсілмен бірнеше адамды алдап, ақшаларын заңсыз иемденгені белгілі болды.
Аталған фактілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
8 пікір