Таразда алаяқ әйел тұрғынынан 10 млн теңгеден астам қаражат жымқырды
Таразда алаяқ әйел тұрғынынан 10 млн теңгеден астам қаражат жымқырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің қызметкерлері ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегін ашты.
Полицияға облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны танысының құқық қорғау органдарымен қарым-қатынасы барын пайдаланып, сеніміне кіріп, мәселелерін шешу үшін ұзақ уақыт бойы түрлі себептермен ақша алып отырғаны туралы шағымданған. Алаяқ біресе тіркелмеген қаруды рәсімдеуге, адамның сенімділігі мен құқықтық сауатының аздығын пайдаланып, біресе ұлына кенеттен заң тұрғысынан туындаған мәселелерін көмектескен. Алаяқ әйел осындай әрекеттерімен 2020 жылғы қаңтар мен 2021 жылдың сәуірі аралығында жәбірленушіден 10 миллион теңгеден астам ақша қаражатын алдау жолымен алған. “Құтқарушысының” телефон қоңырауларына жауап беруін тоқтатқанын түсінген жәбірленуші дереу полицияға жүгінді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тергеу амалдарының нәтижесінде Тараз қаласының 57 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Полиция қызметкерлері алаяқ әйелдің құрбаны болуы мүмкін басқа адамдарды анықтауда.
[xfvalue_img]