Нұр-Сұлтанда қаланың жас тұрғыны дүкеннен алкогольдік ішімдік ұрлады
«Есіл» ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алкогольдік ішімдік ұрлады деген күдікпен 18 жастағы елордалық азаматты ұстады.
Жас жігіт кешкі уақытта сатып алушы кейпінде дүкенге кіріп, «Jameson» вискиінің екі бөтелкесін ұрлап, 18 мың теңге материалдық шығын келтірген.
Ұрының бұл әрекеті бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған. Бейнежазбада қолында бөтелкесі бар жігіттің дүкеннен қалай шыққанын көруге болады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға ескертеді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]