Елордада дүкендердің бірінен ер адам сатушының iPhone маркалы ұялы телефонын ұрлаған
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу барысында жас жігіттің күндізгі уақытта Қордай көшесіндегі дүкенге кіргені анықталды. Қаскүнем кассаның алдындағы сөреде сатушы асығыс тастап кеткен «iPhone» маркалы ұялы телефонды байқайды. Оның басқа клиенттерге алаңдаған сәтін пайдаланып, қаскүнем құны 450 мың теңге тұратын гаджетті ұрлап кеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сақ болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
16 пікір