Нұр-Сұлтанда ер адам жұма намазы кезінде мешітте ұрлық жасады
Қала тұрғыны полицияға мешітте ұялы телефон ұрлау фактісі бойынша жүгінген. Ер адам дәретханада дәрет алу кезінде оның сыртқы күртешесінің қалтасынан жасырын түрде «iPhone 7» ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғанындай, жас жігіт ұрланған ұялы телефонды сауда үйінде 10 000 теңгеге сатуға қойғаны белгілі болды. Заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сақ болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]