ПЕТРОПАВЛДА «УАҚЫТ. ОҚИҒАЛАР. АДАМДАР» КӨРМЕСІ ӨТТІ
«Қуатты өңірлер - Қуатты Қазақстан». Осы тезисті қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Тәуелсіздік мерейтойының аясында «Уақыт. Оқиғалар. Адамдар» атты көрмесі өтті.
«Көптеген халықтың тағдырлары тоғысқан Солтүстік Қазақстан облысының тарихы ерекше. Мұнда бір шаңырақ астында достық пен келісімділікте 100-ден артық ұлт өкілдері тұрады. Солтүстік Қазақстан облысы бай тарихымен, әдемі табиғатымен, дамыған экономикасымен, тату халқымен мақтана алады.Әсіресе, бұл жетістіктерді Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдығында атап өту жағымды», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Облыс және қала тарихы көрмедегі фотоматериалдар арқылы көрсетіледі, витриналарда Солтүстік Қазақстан облыстық музейінің қорынан заттар орналасқан: ҰОС ардагері В.А.Кравцовтың жиынтығы, алғашқы тың игерушілердің тұрмыстық заттары,ғарышкер ұшқыш А.С.Викторенконың жаттығу костюмі,ғарышкерлердің ауқаты және т.б.
Көрмеде бірнеше бөлімдер берілген:
1.СҚО құрылуы және Ұлы Отан соғысы( 30-40 жж.).
2.Тың және тыңайған жерлерді игеру,50-90 жылдары облыстың дамуы.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Тәуелсіздік жылдары.
4.Петропавл қ. Тәуелсіздік жылдары.
[xfvalue_img]