АҚТӨБЕГЕ ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН АТЫРАУ КӨРМЕСІ КЕЛДІ
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттау мақсатында археологиялық қазба жұмыстарынан табылған тарихи құнды жәдігерлерден жасақталған «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көшпелі көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Шара барысында Ақтөбе облыс басшылығы Ақтөбе өңіріне келген Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі көшпелі көрмесінің ашылуымен құттықтады. Облыс басшылығы екі жақты әріптестік байланыстың одан әрі нығая беретіндігін айтып, Атырау музейінің ұжымына алғыс хат табыстап, шығармашылық табыстар тіледі.
Көрмеге 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған «Алтын адам» Сармат көсемінің реконструкциясы мен 2017 жылы Миялы қорғанынан табылған Сармат әйелінің реконструкциясы, музей қорындағы Сарматтар кезеңіндегі қыш ыдыстар, жебе ұштары, темір семсер мен ақинақтар, моншақтар, қола, ерте темір және сарматтар дәуіріне жататын қола айналары, Сармат дәуірінің ескерткіштері, Қылыш, Борсық және Миялы қорғандарынан табылған алтын жапсырмалар, жебе ұштары, құмыралар және басқа да артефактілер қойылды.
Аталған көрмені 3-26 қараша аралығында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтеді.
[xfvalue_img]