СҚО мектептерінде "Тәуелсіздік жетістігі" ("Достижение Независимости") тақырыбында сабақтар өтті.
9 қыркүйекте Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының барлық мектептерінде "Тәуелсіздік жетістіктері" ("Достижение Независимости") тақырыбында сынып сағаттары және ашық сабақтар өтті.
Жобаның басты мақсаты - оқушыларға тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы еңбегін жеткізу.
Жобаның ерекшелігі - мемлекеттің қалыптасуы мен аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан облыс азаматтарының сабаққа қатысуы. Мысалы, "Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей" КММ, Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектепте педагогикалық еңбек ардагері Наталья Кашина және белгілі журналист, "Солтүстік Қазақстан" газеті бас редакторының орынбасары Амантай Ербақыт сабақ өткізді.
Аға буынның аузынан "Мен патриотпын" пікірсайыс клубының қатысушылары, 3 және 9 сынып оқушылары Қазақстанның жоғары экономикалық дамуға қол жеткізудегі Тәуелсіздігінің рөлі мен халықаралық аренадағы жетістіктері туралы естіді.
Сабақ барысында 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі маңызды хронологиялық кезеңдер түсіндіріліп, бекітілді, еліміздің әрбір азаматы үшін Қазақстан тарихы туралы білімді меңгерудің маңыздылығы атап өтілді.
Ашық сабақтар шаңырақ астында ән шырқаумен аяқталды.
[xfvalue_img]
21 пікір