Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды жүргізу

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды жүргізу

       Салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізілген күнгі салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылған және қайтарылған) және есептелген, есепке жазылған (азайтылған салықты шегергенде) сомалар арасындағы оң айырма болып табылады.

      Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайтын алымдар мен төлемдерді қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды салық органы ұлттық валютада мынадай тәртіппен жүргізеді:

      тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша дербес шоттарды жүргізу орны бойынша-осындай дербес шоттардың мәліметтері негізінде;

дербес шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша-салық төлеуші табыс еткен, тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген не электрондық база арқылы және (немесе) жүзеге асыру үшін бюджетке төлемдер төлеу көзделген іс-қимылдардың жетілдірілмегенін растайтын қағаз жеткізгіштерде алынған құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды салық органы мынадай тәртіппен есептелетін бес жұмыс күні ішінде жүргізеді:

1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда – осындай өтінішті салық органдары тіркеген күннен бастап;

2) есепке жатқызуды өтінішсіз жүргізген жағдайда – салық төлеушінің дербес шотында артық төленген сома пайда болған күннен бастап жүргізіледі.

      Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды салық органы бюджетке салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.

      Салық органы салық берешегі болған кезде есепке жатқызуға салықтық өтініш ұсынбай, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды қолда бар салық берешегін өтеу есебіне жүргізеді.

      Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы 101-баптың 5-тармағында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады. 

Салық берешегін өтеу тәртібі. 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 39-бабына сәйкес салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) бересі сомасы;

2) есептелген өсімпұл;

3) айыппұлдар сомасы. 

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Есепке алу және талдау бөлімінің бас мамасы Ж. Э. Таскимбаева.

 

 

 

 

 

           

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив