Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару  101-бап. Жалпы ережелер

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару 101-бап. Жалпы ережелер

 

  1. Есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күніне салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің аталған түрі, өсімпұл бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (азайтылғанды шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы болып табылады.

      Алдыңғы салықтық кезеңдердегі қосылған құн салығы бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтық кезеңде бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (азайтылғанды шегергенде) қосылған құн салығының сомалары арасындағы оң айырма артық төленген (өндіріп алынған) қосылған құн салығы сомасы болып табылады.

      Тіркеу алымдарының, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды, азаматтық авиация саласындағы сертификаттарды беру үшін алынатын алымдардың, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақының, мемлекеттік баждың төленген сомалары – жүзеге асырылуы үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді жасамауы (оның ішінде, салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растаған жағдайда, артық төленген болып танылады.

      Орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомалары орман пайдалануға арналған ағаш кесу билетi пайдаланылмаған жағдайда, артық төленген төлемдер болып танылады.

  1. Осы Кодекстің 672-бабына сәйкес бейрезидент-салық төлеушіге қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы да табыс салығының артық төленген сомасы болып табылады.
  2. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемақыларды қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды ұлттық валютада мынадай тәртіппен:

      тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;

      жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.

  1. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:

      1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда – салық органдары осындай өтінішті тіркеген күннен бастап;

      2) өтінішсіз есепке жатқызуды жүргізген жағдайда – салық төлеушінің жеке шотында артық төленген сома түзілген күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды бюджетке салықтық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.

      Салық органы салықтық берешегі болған кезде есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті өтеу есебіне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды жүргізеді.

      Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылса, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу – есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш ұсынылмастан, заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салықтық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.

      Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.

  1. Мыналар:

      1) есепке жатқызуға жатпайды:

      заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне;

      мемлекеттік баждың төленген сомасы;

      2) мыналар:

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, мыналарды:

      жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда;

      есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар үшін акциздердің артық төленген сомасы, салық төлеушінің осындай тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтату және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтару жағдайларын қоспағанда;

      салықтың, жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының артық төленген (өндіріп алынған) сомасы – осындай салықтар, төлемақылар бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда оны ұсыну күніне дейін есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.

  1. Салық органы есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасына арналған салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлды есепке жазады. Өсімпұл есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күнін қоса алғанда, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

      Есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсетін түсімдердің есебінен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу (немесе) қайтару жүргізілген күні салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банктік шотына аударылуға жатады.

  1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Нур-Султан каласы Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік 

кірістер басқармасының салық төлеушілерді

тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу

орталығының бас маманы                                        

Адильханова А. Б.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.