Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу бойынша талап қою мерзімі

Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу бойынша талап қою мерзімі

 1 қаңтар2020 жылдан  бастап  Қазақстан Республикасы Кодексінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ мынандай нормалары күшіне енді: Талап қою мерзімі бойынша Салық кодексінің 48-бабы, талап қою мерзімі үш жылды құрайды. 

Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді әділет органдарына ұсыну мерзімін қысқарту. 

Салық органы есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру туралы сұрау салудың негізінде осындай мәліметтерді береді:

1) тіркеуші органға-сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) басқа мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында салық төлеушіге беру көзделген тұлғаларға – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. 

Уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін төлемдер бойынша артық төленген сомаларды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу.

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 148-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік ететін түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттер түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеуді, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздар түсімдерін қоспағанда, салықтық емес түсімдер сомасын қайтару және (немесе) есепке жатқызу үшін қорытындыны бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган жасайды. 

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды жүргізу. 

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, артық төленген өсімпұлдың (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізіледі:

1) бюджетке салық берешегі болмаған кезде, осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады;

2) осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша салық берешегін өтеу есебіне – құрылымдық бөлімшесі (құрылымдық бөлімшелері) бар заңды тұлға болып табылатын заңды тұлға табыс етеді;

3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша салық берешегін өтеу есебіне жатқызылады. 

Есепке жатқызу мен қайтарымдарды жүргізу мерзімдерін қысқарту. 

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізу оннан бес жұмыс күніне дейін қысқартылды.Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қол қою бонусының төленген сомасын есепке алу және қайтару бойынша. 

Қатты пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға немесе өндіруге, кен іздеушілікке және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қойылатын бонус салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусының төленген сомасын қайтару, есепке жатқызу жүргізілмейді. 

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының есепке алу және талдау болімі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.