СҚО-да қоғам белсенділері мен полицейлер бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен жоспарларды талқылады

СҚО-да қоғам белсенділері мен полицейлер бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен жоспарларды талқылады

Айқындылық, ашықтық және тиімділік. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жұмыстың осы тұстарын нығайтуға көп жылдар бойы консультативтік-кеңесші органның мүшелері атсалысып келеді. ККО құрамына өңірдегі белгілі қоғам белсенділері, тәжірибелі басшылар мен белгілі журналистер кіреді.

ПД жанындағы органның кезекті отырысында өткен жылы бірлесіп атқарылған жұмыстардың қорытындылары және алдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. Сондай-ақ қоғам белсенділері полиция жұмысына қатысты пікірлерімен бөлісіп, қала тұрғындары арасындағы өзекті мәселелерді айтты.

СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов жиынға қатысушыларды өткен жылы ойын-сауық орындарында қылмыстарды болдырмау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нашақорлықтың алдын алуға бюджет қаражатын бөлу бойынша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Биылғы жылға қарастырылған сұрақтар айқындалды; жоспардың жобасы бекітілді. Отырыстың екінші мәселесі – көші-қон қызметінің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы. Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Талғат Әбілов мемлекеттік қызмет көрсетудің аталмыш бөліністің жұмысындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Көші-қон полицейлері мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. 2023 жылдың 12 айында барлығы 126 665 қызмет көрсетілді. Қазіргі уақытта барлық қызметтер электрондық форматта көрсетіледі; яғни азаматтар ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді эксаумақтылық қағидаты арқылы ХҚКО-ға жүгіну арқылы алуға да болады; азаматтар тұрғылықты мекенжайларына қарамастан кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады», - дейді Талғат Әбілов.

Отырыс барысында ККО мүшесі Павел Афанасьев Ульянов көшесіндегі танымал дәмхананың біріне көршілес тұрған үйлердің тұрғындарының базынасын жеткізді. Қоғам өкілінің айтуынша, бұл көңіл көтеру орны адамдардың мазасын алып, тыныштығын бұзатын көрінеді. Әрі түнде ойын-сауық мекемесінің жанында мас күйде қылмыс пен құқық бұзушылық жасау қаупі артады екен. Бұл – үй тұрғындарына үлкен қолайсыздықтар тудырады. Облыстық және қалалық полиция басшылығы бұл ақпаратты назарға алып, өз құзыреті шеңберінде барлық қажетті шараларды қабылдауға уәде берді.

Соңында СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов ККО мүшелеріне атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдіріп, облыс тұрғындарының барлық мәселелері мен талап-тілектері бойынша қажетті шаралар қабылдайтынын айтты. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

124 пікір

  1. аватар
    Luke 31 октября 2026 04:08

    Strenge Kontrollen filtern den Markt und zeigen sofort,
    welcher Anbieter das beste Casino online für deutsche Spieler ist.
    Die aktuelle Liste der Top 10 Online Casinos zeigt die absoluten Favoriten unter den seriösen online casino klarna
    rechnung
    Casinos. Wenn kein Geld auf dem Konto ist, besteht die Möglichkeit, Kredit- und Ratenzahlungsdienste zu nutzen.

  2. аватар
    Sandy 1 ноября 2026 02:11

    Most banks don’t charge for PayID transfers, though
    it’s worth confirming with your own bank.

    Every brand featured above holds an active licence and publishes
    its bonus terms in full. Checking a casino’s "new games"
    tab is the simplest way to catch a title early.

    New
    payid pokies
    australia real money titles arrive weekly across the operators above, with Pragmatic Play and Hacksaw Gaming the most frequent sources.
    Free spins are bundled into welcome packages or issued separately
    as part of ongoing promotions. A payid pokies australia no deposit bonus lets a new account trial pokies before funding it, though
    wagering requirements and a withdrawal cap usually apply.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.